ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Татулық пен келісім

17:17, 18 мамыр 2022

Ұлтаралық татулық пен келісім – көпұлтты мемлекетіміздің басты құндылығы. Бүгінгі тыныштық пен бейбітшіліктің негізі - бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігінде. Конституциямызда: «Тәуелсіз Қазақстанның баға жетпес байлығы – адам. Сондықтан еліміздегі әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік беріледі», - деп тайға таңба басқандай жазылған. Сол үшін кең-байтақ даламызда қоныс тепкен халықтар арасындағы мызғымас достық пен бауырластық сезімінің сақталып, одан әрі нығая түсуіне ерекше көңіл бөлінуде. 

Қолданыстағы заң бойынша елімізде ғұмыр кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстар өз ана тілдерінде емін-еркін сөйлеп, салт-дәстүрлерін ұстанады. Сонымен қоса әр халық өзінің таным-түсінігі мен мәдени құндылықтарынан бастау алатын діни наным-сенімдері бойынша ғибадат үйлеріне барып, жөн-жоралғыларын өткізуде. Бұл үшін мемлекет тарапынан бар жағдай жасалған. Өйткені барша қазақстандықтарды жас мемлекетіміздің жарқын келешегіне деген үлкен сенім мен ортақ мүдде біріктіреді. Негізгі тірек – Ата Заң.

Қазақстан сияқты көпэтносты мемлекетте өзара түсіністік, бірлік маңызды дейді дін қызметкерлері.

Өңірде православтік, католиктік, лютерандық, баптистер сияқты түрлі діни көзқарас бойынша топтасқан конфессиялардың құрамына енетін 315 діни бірлестік бар. Әрбіреуінің қоғамдағы іс-әрекеті мен үгіт-насихат жұмыстары жіті бақылауға алынған. Облыстық дін істері басқармасы өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы кешенді іс-шараларды үздіксіз негізде жүзеге асыруда.  

Татулық пен келісім – тыныштық пен бейбітшіліктің кепілі. Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір азамат осыны әрдайым жадында ұстап, кейінгі жастарға түсіндіре білгені абзал.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар