ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ТАСҚЫНҒА ӘЗІРЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

13:36, 25 қаңтар 2021

Аймақ басшысы су тасқынының алдын алуға бағытталған дайындық шараларын талқылады. Даниал Ахметов су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар, барлық су қоймаларындағы судың деңгейін бақылауды тоқтатпау қажет екенін айтты. Сондай-ақ, бірқатар аудандарда жердегі тоң бір жарым метрге жеткен. Жалпы, жердің қатуының орташа деңгейі өңірде 32-ден 97 см болса, қардың биіктігі 5-тен 40 см-ді құрайды. 10 ақпаннан су басу қаупі бар учаскелерді тексеру, облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмыстары басталады. Үлбі, Таулы Үлбі, сондай-ақ Ертіс өзенінің Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі тұсында жүргізілген аэровизуалды зерттеу жағдайдың тұрақты екенін көрсетті. Алайда мұз қату байқалады. Мәселен, Бұқтырма өзенінде 60-тан 70 см-ге дейінгі аралықта мұзт қатқан. Қауіпті төмендету мақсатында Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде мұзды ұсақтау бойынша алдын алу жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін 18 учаске анықталды. Аймақ басшысы өткен жылдарда болған су тасқынын ескере отырып, әкімдерге комиссия құру және алдын алу іс-шараларын жеделдетіп бастауды тапсырды. Айта кетейік, су тасқыны қаупі бар 94 елді мекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарында орта деңгейден жоғары.

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар