ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

"Тарих кезеңдері" көрмесі

13:32, 24 қараша 2021

Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тарих кезеңдері"көрмесі ашылды. Көрмеге тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолын баяндайтын дүниелер қойылған.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан 30 жыл ішінде әлемдік аренада толағай табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі "Тарих белестері" экспозициясында елдің  күрделі кезеңде қалыптасуы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жолынан сыр шертетін бірегей тың материалдар ұсынылған.Сондай-ақ мұражайға келушілер  төл теңге мен монеталардың  алғашқы үлгілерін де тамашалай алады. Теңге айналымға 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген.Көрмеде Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары, азаматтық қоғамды қалыптастыру, Конституцияны қабылдау  және  ел астанасын Нұр-сұлтан қаласына көшіру туралы ақпараттар бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар