ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Тарбағатайда оқушылар екпе алды

13:30, 23 қараша 2021

Тарбағатай ауданында 12 мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді,  жүкті әйелдерді коронавирусқа қарсы Pfizer препаратымен иммундау шарасы басталды. Балаларады вакциналау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Жалпы, ауданға  Pfizer вакцинасының 90 дозасы жеткізілген.Балаларға екпе салмас бұрын, ата-анасынан жазбаша рұқсат талап етіледі. Егер балаға вакцина салдырғысы келмесе, ешкімді мәжбүрлемейді. Мамандар, қатерлі вирус балада жеңіл өтеді, олар тек тасымалдаушы деп қарамау керек, дейді. Өйткені, ағзаға көп мөлшерде вирус түссе зардабы да ауыр болады. Сонымен қатар коронавирус созылмалы ауруға шалдыққан балаларға қауіп төндіретін көрінеді. Әлемдік деңгейде жіті зерттелген екпе түріне сенім артқан жөн ,- дейді дәрігерлер.Екпеден кейін міндетті түрде күтіну қажет. Вакцина салынған орынды суға тигізбей, жылы ұстау маңызды. Бекітілген режелер сақталса екпе алғандардың денсаулығы қалыпты болады. Бүгінде аудандық ауруханада Тарбағатай колледжінің бірқатар студенттері  вакцинацияланды. Екпе алған жасөспірімдер 30 минут дәрігердің бақылауында болды. Вакцина салдырған азаматтардың денсаулықтарында ешқандай теріс әсерлер байқалмады.Айта кету керек, Pfizer  вакцинасы көптеген елдерде қолданыста бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде вакцина алған балалардың саны 20 мыңнан асқан. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Pfizer екпесін ақысыз негізде 27 554 адам алған. Соның 20 381-і жасы 12-ден асқан жөсөспірімдер.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар