ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Танымдық экскурсия

13:30, 4 мамыр 2022

Балалардың таным көкжиегін дамытудың бір жолы- тарихи орындарға экскурсия жасау. Сол мақсатта Өскемендегі 18 мектептің оқушылары бір ай көлемінде қаладағы өнеркәсіп орталықтары мен ЖОО-на саяхат жасайтын болады.

«Үлкен Алтай»- Шығыс Қазақстан облысының бай тарихы сақталған аумақты мұражай. 500-ден астам түрлі экспонаттар, оның ішінде тас дәуірінен бері пайдаланылған тұрмыстық бұйымдар мен асыл тастар оқушылардың көзайымына айналды. Басты мақсат-балаларға тарихты танып, білімдерін толықтыру. Сол арқылы рухани таным қалыптастыру.

Тарихи мұражайдағы экскурсияның тағы бір мақсаты- оқушылардың IT бағытын дамыту. Яғни орталықтағы голографиялық жабдықтар арқылы 3D форматындағы бейнелермен ақпарат беру. Бұдан тыс оқушылар оқу орнындағы лаборатория жұмысымен де жақынырақ танысты.

Бүгінгі экскурсияға қатысушылардың бірі- Камила Карамышева. 7 сынып оқушысы теориялық тұрғыдан гөрі дәл осылай көзбен көріп, қолмен ұстау ойда ұзақ сақталатынын айтады.

Балалар жылы аясында атқарылып жатқан шара ретінде экскурсия әрмен қарай да жалғасын таппақ. Айта кетейік, мектеп оқушылары алдағы уақытта қаламыздағы 5 ірі орталықты аралайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар