
Шығыс Қазақстан облысының үздік телеоператорларының бірі Геннадий Николаевич Кузнецов өмірден өтті. 65 жасында дүние салған талантты таспагердің аймақ тележурналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар. Облыстың бас арнасы отандық хабар таратушылардың арасында әрқашан алғашқы орында болды. Мұндай жетістікке жету тамаша операторлық жұмыстың нәтижесі. Геннадий Кузнецовтың айналаны көруі өзгелерден ерекше болатын. Үнемі ізденісте жүретін талапты оператордың жаңашылдыққа да жаны құмар еді. Көрерменді болған оқиғаның ортасында жүргендей ететін шеберлігі кімді де болсын таңдай қақтыратын. Әріптестерінің естеліктерінде ол жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық өрісі кең, шынайы шеберлердің бірі болып қалған. Генадий Кузнецовтың ізін жалғастырған көптеген талантты шәкірттері бар. Олардың әрқайсы елдің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүр.