ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Табыстың кілті тынымсыз еңбекте

13:33, 3 тамыз 2022

Жалындаған жастар үшін қазір түрлі жұмыс толып жатса да, таңдау жасай алмай жүргендер көп. Барлығы өз мамандығын табуда қателік жасамауға тырысады. Облыс орталығының студенттері үшін арнайы жиналыс өтті. Олар болашаққа нық қадам басуда көмектесетін жолдармен танысты.

Армансыз адам, қанатсыз құспен тең, -дейді Ерлан Байжігіт. Ұстанымы да сондай. Ол, жас болса да, ортада бас болудың жолдарын үйретіп жүргендердің бірі. Өзінің жүріп өткен жолынан, қателіктерден ой түйіп, сабақ алған кездерін еске алды. Өмірлік азық болатын ақылын айтып, кәсіптің жемісін көру жолдарымен бөлісті.

1 225 000 теңге қаржы көлемінде қайтарымсыз грант алып кез-келген жас кәсіпкер өз кәсібін дөңгелете алады. Тек ұтымды бизнес-жоспары болса, жеткілікті.

Үлкен өмірге қадам басқан әр жас қолдауға мұқтаж. Дәл осы тұста жас ұрпақты көтермелеу, ел ісіне тарту, заман талабына сай бейімдеу бағытында мемлекет аянып қалмауда. Азаматтар өз кәсібін бастап қана қоймай, саланың білікті маманы атанулары үшін оларға барлық жағдай жасалуда. Мемлекеттік грантқа үміткер жан «Бастау бизнес» жобасы аясында білім алуға құқылы. Оқу мерзімі 14 күнге дейін, небары екі аптаның ішінде қатысушы толық курсты оқып шығады.

Студенттер шараны жоғары деңгейде бағалады. Ал, мамандардың айтуынша, мұндай жиындарды мүмкіндігінше жиі ұйымдастыру керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар