ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Табиғатқа қамқорлық

13:35, 30 қараша 2021

Риддерде Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының мұражайында "Шыршаны қорғаймыз және сақтаймыз-2022" табиғатты қорғау экологиялық акциясын дайындау және өткізу жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті.Жыл сайын "Шыршаны қорғаймыз және сақтаймыз" акциясы өткізіледі.  Өңірдің әртүрлі қалалары мен аудандарынан шыққан жүздеген шығысқазақстандықтар экологиялық конкурсқа қатысуға ниет білдіріп, қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді.Мамандардың айтуынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру  мен қоршаған ортаны сақтауға арналған акция жақсы нәтиже беруде.Биыл жаңа жылдық композиция немесе қолдан шыршаның жасанды түрін жасаудан өтетін дәстүрлі конкурстардан басқа да байқаулардың жаңа санаттары пайда болды. Байқау нәтижелері 14 қаңтар күні белгілі болады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар