ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Сыртқы саясатқа жаңа серпін керек

13:34, 19 қараша 2021

Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі елшіліктері сыртқы экономикалық байланысты күшейту қажет. Салаға жас мамандарды тартып, пандемия кезінде әлсіреген бағыттарды қайта қалпына келтурге қамдану керек. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ведомство өкілдерімен кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді.  Президент сыртқы саясат ведомствосының алдына бірқатар жаңа міндет қойды және нақты тапсырмалар берді. Сыртқы істер министрлігінің алқа жиыны соңғы алты жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл салада көп жыл еңбек еткені мәлім. Саланы түп-тұқиян, түбірінен білетін мемлекет басшысы елдің сыртқы мәселелеріне жауапты тұлғаларға жаңа міндет мақсаттарды айқындап берді.Індет басталғаннан бері жаһанды дағдарыс жайлады. Шекаралар жабылып, алыс-беріс азайды. Онлайн өмір оңай болмады. Енді арудың беті ары қарай бастағанда сыртқы саяси жұмысқа жаңа серпін керек деді президент.Пандемия әлем елдеріне азық-түлік қауіпсіздігі саласының ең маңызды бағыты екенін көрсетті. Шеттен тауар кіргізілмегенде, әр мемлекет өз өніміне ғана иек артатын күн туды. Кей мемлекеттерде судың өзі өзекті мәселеге айналды. Осы орайда президент шекарадағы қиындықтарды реттеп, трансшекаралық өзендер мәселесін шешу кезек күттірмейтін тақырып екенін нық айтты. Қазақстан орталық азиядағы экономикасы мығым мемлекеттердің бірі. Батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке созылған тас жолдар қазір бұрынғы жібек жолы іспеттес. Біздің ел арқылы ресей мен қытай секілді қос алпауыт пен еуропа мен азия байланысып отыр. Осы әлеуетті әрі қарай дамыту қажет. Мәртебемізді бекіту керек.Осы істің бәрін өрге өрлету үшін қазақстандық дипломатияға жаңа келбет керек. Салаға өзге тілдің бәрін білетін, өз тілін құрметтейтін жас мамандар тартылуы тиіс деді президент.Президент сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерді одан әрі ілгерілетуге, Қазақстанның халықаралық беделін жүйелі түрде нығайтуға және шет ел мемлекеттерімен екіжақты ынтымақты дамытуға барынша күш салу керек екенін айтты.Жиын соңында президент отандық дипломаттардың ел дамуындағы үлесін атап өтіп, оларға Тәуелсіздікті нығайтуға, сыртқы саясатты дамытуға бағытталған жұмыстары үшін алғыс айтты. Жұрағат Баман, Президент телерадиокешенінің көмегімен, «Қазақстан» ұлттық арнасы.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар