ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ

13:36, 16 сәуір 2021

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орнында сыйлық алуға тыйым салынды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне осындай өзгерістер енгізіліп отыр. Енді сыйлықты беруші де, оны алуға шешім қабылдаған шенеунік те өз әрекеттері үшін едәуір айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Сыйлық беру немесе сыйлық алу парақорлық ретінде сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын қылмысқа жатады. Қылмыс анықталған жағдайда екі тарап тең жағдайда сотқа тартылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне заңсыз сыйақы беретіндерге қатысты түзетулер енгізілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті егер мемлекеттік қызметші көрсеткен қызметі үшін сыйақы сұраса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы байланыс орталығына қоңырау шалып, хабарлау керек екенін ескертеді. Содан кейін ғана шенеунік жауапкершілікке тартылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар