ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Суық қару тәркіленді

13:36, 15 маусым 2021

Полиция қызметкерлері Өскемен қаласының тұрғынынан суық қаруды тәркіледі. Бұл операция атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу мақсатында өткен "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасының негізінде өтті. Ағымдағы жылдың 11 маусымында полицейлер атыс қаруын сақтап жүрген ер адам туралы ақпарат алды. Тінту барысында 26 жастағы азаматтан тұрғылықты жері бойынша оқ-дәрілермен жабдықталған револьвер мен автоқалам ретінде жасырылған қолдан жасалған атыс қаруы тәркіленді. Сараптама нәтижесінде қолдан жасалған қалам 5,6 мм калибрлі бір оқтаулы тапанша болып шықты. Сонымен қатар револьвердің 9 мм калибрлі газ патрондарымен атуға жарамды екені белгілі болды. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Санкция 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Жалпы 28 күннің ішінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 58 бірліктен астам атыс қаруын, оның ішінде тапаншалар мен түрлі кесінділерді және ойық мылтықтарды тәркілеген.

                                                       

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...