ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Сүт өткізу тиімсіз болып тұр

13:30, 11 қазан 2021

Катонқарағай ауданында ауыл тұрғындарынан бірнеше жылдан бері сүт жинау жүзеге асырылып келеді. Қорасында сиыр байлаған әр тұрғын бекітілген күні келген көлікке сауған сүттерін тапсыруға асығады. Дегенмен, аталған ауданға қарасты Ново-Поляковка ауылының тұрғындары сүтті қабылдау бағасының тым төмен екендігін айтады. Ново-Поляковка ауылының тұрғыны Лида Дюсюпова қорасына сиыр байлап, сүт сауып, оны сатып жан бағып отырғандардың бірі. Айтуынша, қазіргі уақытта сүтті қабылдап отырған мекеменің аққа бекіткен бағасы төмен. Еткен еңбек ақталмайды, сондықтан ауыл тұрғындарының біразы ірі қара санын  азайтып жіберген.  Ал, жергілікті әкімдік өкілдері тұрғындардың талап-тілегімен таныспыз. Баға бұған дейін де төмен болғанда бұл мәселе көтерілген, - дейді. Ауылдық округ әкімі алдағы уақытта бағаны өзгерту бойынша сүт қабылдап отырған мекемеге ұсыныстар әзірленіп жатқандығын айтты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар