ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Сүңгуірлерге қойылатын талап қандай?

17:19, 4 маусым 2021

Жаз келді, күн ысыды, суға шомылу маусымы да басталып кетті. Құтқарушылар үшін қауырт, қарбалас шақ енді басталды. Жазда әсіресе сүңгуірлерге тыным жоқ. Сүңгуірлердің жұмысы қандай? Судан құтқару қызметіне орналасамын деген жас мамандарға қандай талаптар қойылады? Біздің арна тілшілері облыстық Төтенше жағдай департаментіне қарасты судан құтқару қызметі бөлімінің станциясына барып, сүңгуірлер жұмысының өзіндік ерекшеліктерімен танысып қайтты. Құтқарушы болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Әсіресе су астында жұмыс істеу оңай емес.  Облыстық Төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағына сүңгуір болып жұмысқа орналасамын деген  жас мамандарға қатаң талаптар қойылады. Соның бірі – тереңдіктегі қысымға шыдамдылығын  тексеріп көру үшін ең алдымен барокамераға кіргізеді. Мына барокамера екі кісіге арналып жасалған. Ішіндегі адам сыртқы ортамен байланысын үзбеуі үшін терезе, люк, дыбыс және жарық сигналын беру жүйелерімен жабдықталған. 10-15 минуттан соң тексеру аяқталды. Барокамера өзгеріске ұшыраған газды ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейді. Яғни, тексереді. Сонымен қоса құтқарушылар жөндеу жұмыстарын атқарып, су астында көп уақыт жүріп қалғаннан  кейін және судан бірден шығуға мәжбүр болған апаты жағдайлардан соң да  осында әкелінеді. Оның себебі мұнда ағзаларына қажетті терапиядан өтеді. Медициналық тексеруден өтпеген сүңгуір барокамераға да, су астына да жіберілмейді. Қазіргі уақытта жергілікті  жедел-құтқару жасағында жалпы саны 115 құтқарушы болса, солардың 75-і сүңгуірлер.  20-дан астам маман бірінші дәрежелі құтқарушылар. Олар жылына екі рет, көктем және күзде сынақтар тапсырып, дәрежелерін қорғап отырады. Өскеменде екі судан құтқару станциясы бар. Облыс бойынша Күршім, Семей мен Бұқтырмадағы Көгілдір бұғазда да осындай жедел-құтқару жасағының базалары  жұмыс істеп тұр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...