ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ

13:32, 20 мамыр 2022

«Казцинк» компаниясы Риддердегі суқоймаларын қорғауға бағытталған жаңа технологияны енгізбек. Бұл туралы өндіріс орынының мамандары мәлімдеді. Осылайша, соңғы 5 жылда жергілікті суқоймаларына әсерді екі есеге азайту көзделген.Аталған бағыт бойынша жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.

"Казцинк" компаниясы қоршаған ортаға қамқорлық жасау ісіне баса мән береді. Кәсіпорын ұстанатын ең маңызды экологиялық аспектілердің бірі-су ресурстарын қорғау. Ал бұл бастаманы іске асыруда өндіріс орнының басшылығы жемісті қызмет атқарып келеді. Мамандар пандемия басталғалы кешен қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту бағытында ауқымды жұмыс жасалғанын айтады.

 «Казцинк» компаниясы су қорғау бойынша бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Атқарылған жұмыстардың оң нәтижесін қазірден бастап көруге болады. Осылайша, Қазгидромет ұсынған кешеннің көмегімен  2021-2022 жылдары Риддерде қоршаған ортаны ластау дерегі тіркелмегені анықталды.Тек металлургиялық кешеннің сарқынды суларының аздаған мөлшері ғана Безымянный жылғасына қосылған.

Риддер металлургтері жақын арада өндіріс орнының шығындыларын бақылауға алатын автоматты жүйе жобасын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл аталған үдерісті бұрынғыдан да тиімдірек бақылауға, талдау мен қажаетті есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кешен жұмысшылары соңғы екі жылда шахта суларын ластаушы құрамдастар мен қалқыма заттектерден тазартуды айтарлықтай арттыра алды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...