ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Су тасқынына қарсы шаралар

17:15, 13 қазан 2021

Сақтық шаралары алғашқы орында...Облыс елді мекендерінде төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында халықаралық жоба іске асырылуда. Қолға алынған жұмыс аясында 10 ауыл су тасқыны кезінде уақытылы әрекет ету құралдарымен жабдықталды. Төтенше жағдай мамандары бұл – оқыс оқиғаның алдын алуға септігін тигізетінін айтады. Халықаралық «Қызыл Крест» және «Қызыл Ай» қоғамдық қозғалысы  аймақтағы су тасқыны қаупі бар елді мекендерде төтенше жағдайлар тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаны іске асыруда. Аталған жоба барысында құтқарушылар жергілікті тұрғындарға су тасқыны кезінде өзін қалай ұстау керектігін, сондай-ақ  тасқын кезінде қолданылатын техникаларды қолдану тәсілдерін үйретеді. Су тасқыны қаупі бар аймақтарда орналасқан 10 елді мекенге генераторлар, мотопомпалар, қолшамдар, құтқару кеудешелері және алғашқы көмек көрсетуге арналған қобдишалар берілді. Құтқарушылардың пікірінше, мұндай жабдықтар төтенше жағдай уақытында қауіпті азайтуға көмектеседі. Аталған 10 ауданда жобаны іске асырудың келесі кезеңі ретінде еріген қар суын арықтарға бұру, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету шаралары және жағалауларды нығайту жұмыстарын атқару жоспарланған.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Екі елге өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі
13:36, 26 қараша 2021
Екі елге өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі
Толығырақ...