ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ӘЗІРМІЗ БЕ?

13:38, 23 ақпан 2021

Қыс аяқталуға жақын. Осы орайда төтенше жағдай саласының мамандары тұрғындарды сақ болып, көктемгі су тасқынына ертерек қамдануды ескертеді. Әсіресе, жер үйлердің аулалары мен көшелерінің қарын шығарып, су ағатын арналарды тазартуды сұрайды. Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мен өрт сөндіру бөлімінің мамандары бірлесе акция ұйымдастыруда. Акция барысында жалғызбасты тыл ардагерлері мен соғыс ардагерлерінің ауласы қардан тазартылды. Бұл қарттар үшін үлкен көмек. Себебі, әне-міне дегенше күн жылынып, еріген қар суы адамдарды әбігерге салады. Мұндай жылымық кезде көп зардап шегетіндер саяжай учаскелерінде, жер үйлерде тұратын жандар. Сондықтан, төтенше жағдай қызметкерлері тасқынның алдын алудың маңыздылығын тағы бір мәрте айтты. Сондай-ақ, төтенше жағдай қызметкерлері сақтық үшін жертөлелерден азық-түліктер мен керек заттарды шығарып қоюға кеңес береді. Оқыс оқиға болса, бірден 112 нөміріне қоңырау шалуды ұмытпаған абзал.

 


 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар