
Өскемендегі Ертіс-3 саяжайлар аумағында судың деңгейі көтерілгені байқалды. Бұдан тұрғындарға келер қауіп жоқ па? Төтенше жағдай мамандары не дейді?Төтенше жағдай мамандары қазіргі уақытта жағдай тұрақты, маңайдағы үйлерді су басу қаупі жоқ дейді. Естеріңізге сала кетейік, кеше әлеуметтік желілерде Ертіс суының саяжай жолына жақындаған фотосуреттері жарияланған болатын.