ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

13:32, 9 сәуір 2021

Өскеменде  деструктивті діни ағымдардың алдын алу мен халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында студенттерге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Шара облыстық дін істері басқармасы мен дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен өткізілді. Діни экстремизм ел ішінде алауыздық тудыруды, жеккөрушілік пен дінді саясаттандыруды көздеп, сол арқылы қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс. Десек те, осы қауіпті құбылыстың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Оған дәлел бүгінде дінтану және теология саласындағы білікті мамандар  діни ұйымдардың іс-әрекеттерін қатаң бақылауға ала отырып, азаматтарды діни сауаттылыққа үйретуде. Дінтанушы Қанат Маратұлының айтуынша, дін жолындағы теріс қадам көбіне адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімділігінен туындайды.  Шара соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары да берілді. Ал түсіндіру жұмыстары екі күн жүргізіледі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар