ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Спортшылар қолдауы

13:31, 13 қаңтар 2022

Қазақстанда спорт саласын дамытуға әркез көңіл бөлініп келеді. Әсіресе елдің шығысында олимпиадалық спорт түрлері жақсы дамыған. Ал жергілікті спортшылар болса биік шыңдарды бағындырып, жерлестерін жеңістерімен қуантудан шаршаған емес. Соңғы елдегі жағдай спорт саласына әсер етті ме? Спортшылар не дейді?

Шығыс Қазақстан талантты спортшылардың мекені. Жақында елдегі тәртіпсіздіктің салдарынан төтенше жағдайдың енгізілгені белгілі. Спорт басқармасының мәліметінше, барлық спорт секциялары  өз жұмысын тоқтатқан. Қауіпсіздік мақсатында жас спортшылар туған-туысқандарының жанына, үйлеріне жіберілген. Облыстың спорт қауымдастығы да болып жатқан оқиғаларға бейжай қарай алмады. Жаттықтырушылар мен спорт шеберлері жерлестеріне бандиттер мен мародерлердің шабуылынан зардап шеккен жандарға жанашырлық танытып, қолдау білдірді.

Айта кету керек, еліміздегі тәртіпсіздіктерге қарамастан қазақстандық спортшылар халықаралық аренада еліміздің намысын қорғап қайтты. Таяуда Канадада могул мен шаңғы фристайлынан әлем Кубогының кезекті жарысы өтті. Онда облыстың спортшылары жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков екінші кезеңде бесінші орынды иеленді. Сондай-ақ, могулдың тәжірибелі спортшысы Дмитрий Рейхерд жаңа маусымға қайта оралды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар