ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Спорт нысандарының құрылысы

13:34, 8 маусым 2021

Шекара шебіндегі Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Мұнда алдағы уақытта шағын футбол залы, бірнеше жекпе-жек түрлерімен және күреспен айналысуға мүмкіндік беретін залдар салынбақ. Бұл нысандар болашақта ел игілігі үшін жұмыс істейді. Былтырғы жылдың шілде айында құрылыс жұмыстары басталған. Биыл қыркүйек айына дейін аяқталады. Құрамында спорт кешені және бассейн бар. Спорт кешенінің жалпы ауданы 1200 шаршы метр. Құрылыс аумағы 8200 шаршы метр. Ал, бассейннің аумағы 1200 шаршы метр. Құрылыс аумағы 5600 шаршы метрге тең. Ауданда 153 спорттық ғимарат бар. Оның ішінде 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 37 спортзал, 2 спорт кешені, 19 хоккей алаңы мен 52 спорт алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 тир мен 40 футбол алаңы және 1 шаңғы базасы тұрғындар пайдаланылуына берілген. Салынып жатқан кешен тағы бір жаңа нысан болмақ. Құрылыс алаңында 21 адам жұмыс істеп жүр. Жұмыскерлердің негізгі құрамы ауыл адамдары. Жаңа кешенді салудың арқасында жаңа жұмыс орындары да пайда болды. Учаскі басшысы жұмыс барысы қалыпты екенін айтады. Жоба бойынша бассейннің тереңдігі 1,85 м-ге жетеді. Таяз жері 1,25 м-ге дейін. Мұнда су ауылдағы құбырдан толтырылады. Қазіргі уақытта спорт нысандарына қажет қондырғылар қойылуда. Жұмыскерлердің айтуынша құрылыс жұмыстары жауапкершілікпен атқарылуда. Бассейн дайын болғанда арнайы мамандар келіп қосады.

 

                              




 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...