ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Сот жүйесіндегі Елбасы рөлі

13:33, 29 қараша 2021

Тұңғыш Президент күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық сотында жас судьялар мен сала ардагерлері бас қосқан дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында елімізде тәуелсіз сот жүйесін құрып, ел ішінде сотқа деген сенімді қалыптастыру арқылы беделін көтеру жолындағы Елбасының рөлі мен атқарылған жұмыстарға шолу жасалды.Аумалы-төкпелі заманды бастан кешкен мемлекет дамуында алға қадам басқан сайын мақсат-мұрат айқындалып, Мемлекет басшысының әрбір ісі осыған ұйытқы болды. Елбасының жаңашыл ой-мақсаттары құқық қорғау органдары мен заңгерлердің көңіліне сенім ұялатты. Судьялар бас қосқан жиында мемлекет қалыптасуындағы алғашқы қадамдар жан-жақты талқыланды. Ардагер судьялар құнды естеліктерімен бөлісті.Сол уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан» деп, қазақ тілінің қоғамдағы рөлін айқындап берді. Оның тікелей ықпал етуімен Парламент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.Сондықтан, қазақ тілін білу, оған құрметпен қарап, қадірлеу  – Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың қасиетті парызы. Бұл күнде осы бағыттағы кешенді жұмыстар  жалғасуда. Сот жүйесінің қызметкерлері мемлекеттік тілді еркін меңгеріп қана қоймай, заң талаптары мен жаңа нұсқаулықтармен танысып, сот істерін қарап, іс-қағаздарын сауатты жүргізу мақсатында жүйелі негізде еңбектенуде.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар