ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Соңғы қоңырау сыңғыры

17:15, 25 мамыр 2022

Бүгін өңір мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Мектеп бітіру кешінде 11-сыныпты аяқтаған оқушылар балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Салтанатты жиын барысында мұғалімдер мен ата-аналар ақжарма тілектерін айтты. Жалпы білім беретін қалалық №29 орта мектепте биыл 24 түлек оқуын аяқтап отыр. Оның ішінде үздік аттестат алудан үмітті екі оқу озаты бар. Әрқайсысы өзіне жүктелген үкілі үмітті ақтағысы келетіні сөзсіз. Алтын ұя мектеппен қоштасуға арналған соңғы коңырау кешіне балалар тыңғылықты дайындалыпты. Көпшілік алдында өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі.

Жыл сайын соңғы қоңырауды мейрам ретінде тойлау – елімізде баяғыдан бері қалыптасқан үрдіс. Осы дәстүрлі шара барлық мектептерде өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. Мәселен Нұр-Сұлтан қаласының 1032 оқушысы биылғы оқу жылын домбыра сабағымен аяқтап, «Сарыарқа», «Балбырауын» сынды тағы да басқа танымал күйлерді орындады.  Бұл дәріс «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек. Аталмыш іс-шарадан өскемендік мектеп оқушылары да қалыс қалған жоқ.

11 сынып оқушылары үшін соғылатын соңғы қоңырау – тебіреніске толы, өмір бойы есте қалатын сәт. Сондықтан түлектердің көңілдері алабұртып, қимастық сезіммен балалықтарын шығарып салып, мектеп өмірімен қош айтысуда. Оларды алда талай сынақ күтіп тұр. Жиынға қатысқан көпшілік түлектерге сәт сапар тілеп, баталарын берді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...