ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ШЫРША КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

13:40, 4 мамыр 2021

«Қазақстанның халық партиясы» ШҚО филиалы мүшелері Өскемендегі «Жібек маталар комбинаты» ауданында 100 түп  шырша көшеттерін отырғызды. Шараның мақсаты қаладағы жасыл желек  көлемін ұлғайту. Жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру. Биыл шаһардың әр бөлігінде қылқан жапырақты және басқа да ағаштарды көптеп отырғызуға барынша мән берілуде. Игі бастамадан «Қазақстанның халық партиясы» да шет қалмады. Облыстық филиал өкілдері  Ільяс Есенберлин көшесін  көгалдандырып, 100 түп шырша көшеттерін отырғызды. Жастар мен бастамашыл азаматтарды абаттандыру мен көгалдандыруға тарту - іс-шараның негізгі мақсаты, дейді партия өкілдері. Қала тұрғындарының демалуына қолайлы жағдай жасап, серуен құратын аймақ қалыптастыруда осындай шаралардың маңызы зор. Айналамызды жасыл желекке бөлеп, қоршаған ортамызды көгалдандыруға бәріміз де атсалысуымыз керек. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде дені сау ұрпақ, баянды болашақ қалыптасады, – дейді ұйымдастырушылар. Ендігі кезекте партия мүшелері көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын да өз мойнына алмақ. Қазіргі таңда жасыл желекті суаруға жауапты мекемемен келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар