ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

«ШЫҒЫСТЫҢ ЖЕЗТАҢДАЙЫ» ән байқауы

17:15, 11 қазан 2021

Бородулиха ауданында құлын дауысымен «Құлагерді» шырқап, халыққа танылған Мәдениет Ешекеевтің 85 жылдығына арналған «Шығыстың жезтаңдайы» атты облыстық дәстүрлі әндер байқауы өтті. Сайыста өңірдің әр ауданынан келген әншілер қатысып, өнерлерін көрсетті. Дәстүрлі ән - киелі қара домбыра мен қарт қобыздың сүйемелдеуімен айтылып, кемел құрылымымен, кең диапазонымен ерекшеленеді. Бұл жолғы сайысқа Шығыс Қазақстанның маңдайалды өнерпаздары жиналды. Мақсат - Бородулиха ауданының тумасы, Қазақстан халық әртісі Мәдениет Ешекеевтің шығармашылығын дәріптеу. Мәдениет Сейтжанұлы – халық әндерін өз ерекшелігімен, өзіндік мәнерімен шебер орындаушы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шара, жастардың дәстүрлі әнге деген қызығушылығын арттырып, орындаушылардың қатарын көбейтуге септігін тигізеді, - дейді аудандық мәдениет үйінің директоры. Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі ән байқауында қатысушылар 2 кезең бойынша бақ сынады.  «Халық Қазынасы» сынында халық әндері орындалса, «Сұр жекей» атты екінші кезеңде қатысушылар Мәдениет Ешекеевтің шығармашылығынан ән орындады. Сайыс нәтижесі бойынша 3 ші орынды Бауыржанұлы Айдан, 2 орынды Бақыт Абылайхан, және 1 орынды Шәкәрім Төлегенов иеленсе, бас жүлдені Абай ауданынан келген Таңат Мұқашев жеңіп алды. Айта кетерлігі, сайысқа қатысушылар мақтау қағаздары мен түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар осындай байқаулар  арқылы жастарды дәстүрлі әнге баулудың керектігін айтады. Себебі дәстүрлі ән өнері – ұлттың болмысы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар