ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

«ШЫҒЫСЭНЕРГОТРЕЙД» ЖШС-ТЕ ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТТІ

17:17, 30 сәуір 2021

Шығыс Қазақстанда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи мононолияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департамент басшылығы, «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен БАҚ өкілдері қатысқан жиында айтылды. Аймақта электр энергиясының шекті бағасы қайта бекітудің себебі электр энергиясын өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің қайта қарастырылуынан болды деп түсіндірді.  Жиын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Ал кейбір қатысушылар үшін онлайн формат та ұйымдастырылды. Басқосуда «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің электр энергиясын бөлшек саудада сату шекті бағасының жобасы ұсынылды. Электр өндіруші ұйымдардың жаңа тарифі министрлік бұйрығына сай 1-сәуірден бастап бекітілген болатын. Элекр станциялары соның негізінде мұндай қадамға баруда. Электр энергиясына тарифтерді бекіту туралы шешімді уәкілетті органдар жиынға қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып қабылдайтын болады. Өтінім толық қаралып біткеннен кейін ғана нақты баға мамырда белгіленеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар