ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Шипажайға жолдама

13:32, 6 желтоқсан 2021

Таяуда желтоқсан оқиғасына қатысып, елінің еркіндігі жолында құрбан болған Сәбира Мұхамеджанова ақталған еді. Сондай-ақ, 1986 жылы Сәбирамен бірге оқыған құрбы-құрдастары да жазықсыз деп танылған болатын. ШҚО әкімдігі 35 жылдан соң ақталған білім саласының 23 қызметкеріне Бурабайдағы шипажайлардың біріне тегін жолдама беріп, «Сапар сәтті болсын!» айтты.1986 жылы Сәбира Мұхамеджановамен бірге тәуелсіздікті талап етіп, елінің егемен болуы үшін желтоқсан оқиғасына қатысқан 28 азамат арада 35 жыл өткен соң ақталды. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» құжатын алған білім саласында қызмет еткен 23 педагогты Бурабайдағы шипажайға 10 күндік демалысқа жіберді. Еркежан Әбдірахманова да небәрі 16 жасында сол кездегі солақай саяси жүйеге қарсы шығып, тәуелсіздік үшін тәуекелге барғандардың бірі.  Қазіргі таңда аймақта желтоқсан оқиғасына қатысқан 48 азамат бар. Оның 23-і білім саласында еңбек етіп жүргендер. Айта кетейік, бұған қоса облыстық кәсіподақ ұйымы атынан 15 азамат та шипажайға жолдама алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...