ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ШӘМШІНІҢ ӨМІРІ САХНАЛАНАДЫ

17:17, 19 қаңтар 2021

Шәмші Қалдаяқовтың өмірі облыстық театрда сахналанбақ. Қазақ вальсінің королі саналатын атақты сазгердің 90 жылдығына орай жастар театрының ұжымы «Өмір – өзен» атты спектакльді көрермен назарына ұсынады. Музыкалық қойылымның қазір нақ қызған шағы. Премьера алдында әртістермен біздің түсірілім тобы тілдесіп қайтты. Шығармалары бірнеше ұрпақтың жүрегінен ойып тұрып орын алған атақты композитордың өмірі елеулі оқиғаларға толы. Сазгер ғұмырының сол айшықты белестері жаңа қойылымда көрініс таппақ. Әндерінің шығу тарихы мен жан тебіреністерін музыкалық спектакль арқылы көрерменге дөп жеткізу үшін жастар театрының ұжымы қазір қызу дайындыққа кіріскен. Сахналық нұсқасын жасаушы әрі қоюшы режиссері – Абай Дәулетұлы. Ал Шәмшінің рөлін жас актер Жантай Тұрысбеков сомдайды. Қойылымда ән де, би де бар. Ұрпақтар сабақтастығы сезілу үшін хореграф вальс, твистпен қатар заманауи блюз жанрын да қолдануға тырысқан. Шәмшінің әндері өміршеңдігімен ерекше. Қойылымдағы әуелеген әндер, әсіресе аға буын үшін ностальгия болары анық. Дегенмен, «жастарға берер өнегесі де мол» дейді театр мамандары. Қойылымның премьерасы ақпан айының 4-5 күндеріне жоспарланған. Қазіргі санитарлық сақтық шаралары ескеріле отырып, залға жүзге жуық адам жайғасуға рұқсат етілген.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар