ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН ЕЛЕМЕГЕНДЕР

17:17, 18 мамыр 2021

Ағымдағы жылы республика бойынша мониторингтік топтар  80 352 рейд жүргізіп, 500 646 нысанды аралаған. Тексеріс барысында 14 мыңнан астам нысан  карантиндік талаптарды елемей, жұмысын жалғастырып келгені белгілі болған. Ал Шығыс Қазақстан тұрғындары карантиндік талаптарды сақтамайтын әрі салынған айыппұл көрсеткіші бойынша елдің өзге өңірлері арасында көш бастап тұр.  Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Тәртіп бұзушылықтар бойынша Шығыс Қазақстан елде көш бастап тұр. Аймақта үш мыңнан астам заң бұзушылық тіркелген. Мониторингтік топ өкілдері қазіргі таңда індет жұқтырған азаматпен байланыста болғандар оқшаулау тәртібін сақтамай, айналасындағыларға қауіп төндіріп отыр дейді. Аталған жайт кезекті тексеріс барысында анықталған. Оқшаулау тәртібіне бағынбай, бекітілген талапты елемегендер заң алдында жауапкершілікке тартылады. Құқық қорғау органы өкілдері аймақтың бас санитары қаулыда белгілеген карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтауға, немқұрайлық танытпауға шақырады. Ал бүгінгі таңда санитарлық талаптарды сақтамағандары үшін шығысқазақстандықтардың үстінен 1 823 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 100 млн.теңгеден асатын 1 758 айыппұл салынған.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...