ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ШЕКТЕН ШЫҚҚАН ШЕНЕУНІК

17:17, 9 сәуір 2021

Бүгін ШҚО Мәдениет басқармасының басшысына қатысты келеңсіз жағдай облыстық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Әлеуметтік желіде жұртшылықтың наразылығын тудырып, қызу талқыға түскен оқиға 30 наурыз күні болған еді. Ащы суды сіміріп, масайған мемлекеттік қызметкер таңғы сағат 05:00-де Қабанбай батыр көшесі, 109-үйдегі қоғамдық орында 23 жастағы қызды балағаттаған. Мұнымен де шектелмей, ашуға бой алдырып, бойжеткенге қол жұмсаған. Шектен шыққан шенеуніктің жағымсыз қылығына қатысты шешім жайлы әріптесім Данияр Қайратұлы айтсын...  «Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін» деді Мирас Жұмағұлов кеңес залында. Әңгіме наурыз айының 30-ы күні болған оқиға жайлы. Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы 23 жастағы қызбен шекісемін деп тұрғындардың теріс пікірін тудырған. Лауазымы мен азаматтығына сай келмейтін ісі үшін оған қатысты тексеріс жүргізіліп, әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша айыппұл салынды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлері әдеп кодексінің ережелерін бұзған басшыға тиісті жаза бекітіліп, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оны бірауыздан мақұлдады. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар