ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Шекара маңындағы жерлер мемлекет қарамағына қайтарылады

13:34, 15 қыркүйек 2021

Облыс орталығында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының Қытай Халық Республикасымен шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін пайдалану» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз мәслихаты барысында шекара маңындағы учаскелердің иелері өз меншіктерінен айырылуы мүмкін екендігі айтылды. Бұл туралы  облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дидар Болатұлы мәлімдеді. ҚР Жер кодексіне кезекті өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығын реттейтін заң 23-баппен толықтырылды. ҚР Жер кодексінің 84-бабына сәйкес Жер учаскесi мемлекет мұқтаждығы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін. Ал ерекше жағдайда  меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде немесе сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы ықтимал. Жер учаскесінің және мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылған жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны нарықтық құн мен меншік иесінің жоғалтқан пайдасын қоса есептегендегі барлық шығындардың мөлшерінде анықталады. Алайда Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары  облыста жер учаскелерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының шығындарын өтеуге бюджет қаражаты қарастырылмағанын жеткізді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...