ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ШАЛА ТУҒАН ШАҚАЛАҚТЫҢ КҮТІМІ

13:38, 4 мамыр 2021

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда нәресте өлімінің көрсеткіші 3 пайызға төмендеген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде айтты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша нәресте өлімінің көрсеткіші 3%-ға төмендеді, ал керісінше бала туу көрсеткіші 3 пайызға өскен» деді министр. Ал Шығыс Қазақстандағы ана мен бала өлімінің көрсеткіші қандай? Нәресте өмірін сақтап қалуда дәрігерлер қаншалықты дәрменді? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, шала туған шақалақ дегеніміз жүктіліктің 37 аптасына дейін туған балалар. Бұл мерзімде дүниеге келген сәбилер дене салмағына қарай төменгі, өте төменгі және экстремалды төменгі салмақтағы болып үш түрге бөлінеді екен. Тіпті 22 апталық, салмағы 500 грамды құрайтын шақалақтар да жиі ұшырасуда. Өткен жылдармен салыстырғанда облыста ана мен бала өлімі айтарлықтай төмендеген. "Ана мен бала" орталығының неонатологтары мен медбикелері әр шақалақтың өмір сүруге құқылы екенін айтады. Шала туған шақалақтың өмірі үшін күресіп жүрген ақ халаттылардың бірі - Дархан Сәтпаев. Күнделікті жұмысы кувез аппаратының жанында дүние есігін жаңа ашып, өмір үшін күрескен шақалақтың тынысы мен жүрек қағысын тыңдаудан бастайды. Нәрестенің өз уақытынан бұрын ерте дүниеге келуінің бірнеше себептері бар дейді неонатолог маман. Шала туған шақалақтың өкпесі толық жетілмей дүниеге келетіндіктен  бастапқыда өздігінен дем алу қиынға соғады. Сол себепті мамандар оны жасанды дем алдыратын аппаратқа қосып, қосымша медициналық көмек көрсетеді.  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, ана мен бала өліміне жол бермес үшін тек дәрігерлерге ғана арқа сүйемей әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарағаны ләзім.

 

                           

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар