ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

«ШАБЫТҚА ТОЛЫ 100 ЖОЛ»

13:40, 5 наурыз 2021

Өскемендік «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 100 жылдығына орай облысымызда халықаралық интернет байқау басталды. Жобаның басты мақсаты – балаларды кітап оқуға шақыру, кішкентай оқырмандарды жергілікті қаламгерлердің туындыларымен таныстыру. «Шабытқа толы 100 жол» халықаралық әдеби байқауына 7 мен 23 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қазіргі уақытта елімізбен қоса Ресей, Белорусь мемлекеттерінен өтінімдер келіп түскен. Жобаның басты мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақты Шығыс Қазақстан ақын-жазушыларының туындыларымен таныстыру.  Байқау қыркүйек айының соңында өз мәресіне жетеді. Қазылар алқасы құрамында «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері де болады. Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларындағы оқырмандардың дауыс беруімен анықталады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар