ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

«СӘТТІ ЖАРНАМА» АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

13:36, 8 сәуір 2021

Семейде «Сәтті Жарнама» айлығы басталды. Облыс көлемінде қолға алынған шара сәуірдің 6-ынан бастау алды. Мақсат жүйелі түрде тілдік талаптарға немқұрайлы қарайтын  кәсіпкерлерді  заң талаптарына сай жұмыс істеуді талап ету. Толығырақ тілшіміз тарқатады. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып дабыл қаққанымен, қате жазылған жарнамалар азаяр емес. Былтыр 200 нысан тескеріліп, нәтижесінде тіл туралы заң талаптарына сай келмейтін жарнама  орналастырған 20 нысан анықталыпты. Бүгінде оның 10-ы ретке келтірілді. Мамандар қате аударылған жарнамалардың алдын алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтуда. Жуырда Семейде мемлекеттік тілдегі жарнамалардың дұрыс жазылуын қадағалау мақсатында «Тіл қорғандары» еріктілер тобы құрылды. Оның құрамына болашақ тіл мамандары тартылуда. Жалпы қалада жарнамадағы олқылықтар мен қате аудармалар тұрғындардың тарапынан да жиі сынға ұшырайтын көрінеді. Олардың пікірінше, көрнекі ақпараттардың сауатсыз қолданылуы қоғамға кері ықпалын тигізеді. Жарнамалар ең алдымен мемлекеттік тілде әрі сауатты жазылуы тиіс, - дейді семейліктер. Қаладағы жарнамалар мен хабарландыруларда, көрнекі ақпараттарда тіл нормалары, стилистикалық ерекшеліктер мен тіл мәдениеті қатаң сақталуы тиіс, - дейді ұйымдастырушылар. Облыс көлемінде өтіп жатқан «Сәтті Жарнама» акциясы жыл бойы жүргізілетін болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар