ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Септігі мол серіктестік

17:15, 25 мамыр 2022

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы пресс-тур ұйымдастырды. Аталған мекеме басшылары шет мемлекеттерден жеткізілген техникалармен таныстырды. Егіс алқаптарына барып жаңа тракторлардың мүмкіндігін көрсетті. Жиын барысында БАҚ өкілдері акционерлік қоғам қызметкерлеріне сұрақтар қойып, ақпарат алмасты.

БАҚ өкілдері ең алдымен «Тамирлан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Ондағы техникалардың мүмкіндігін бағамдады. Көріп, танысты. Серіктестік басшысының айтқандарын тыңдап, түрлі сауалдар қойды.

 «Тамирлан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қарақұмық күнбағыс, арпа, бидай өсірумен айналысады. Мақсаты – өндіріс көлемін ұлғайту, өнім сапасын арттыру. Осы орайда серіктестік басшысы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының үлкен септігі тиіп келе жатқанын айтады. Жалпы биыл «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 46 миллард 228 миллион теңгеге,  4 мыңға жуық түрлі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, қаржылық лизинг шарттарын жасасыпты.

Айта кетейік, жалпы «ҚазАгроҚаржының» Шығыс Қазақстандағы филиалының жұмыс істеп келе жатқанына 21 жылдан аса уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде өңірдегі ауыл шаруашылық субьектілерімен жемісті серіктес болып келе жатқан бірден бір акционерлік қоғам.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...