ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Сенат депутаттарының сапары

13:31, 27 маусым 2022

Аймаққа жұмыс сапарымен Парламент Сенатының депуттары келді. Олар өңірдегі агорөнеркәсіптік нысандарды аралап, шаруалармен кездесті. Орайы келген жүздесуде шаруалар көкейде жүрген сауалдарын қойып, бірқатар маңызды мәселелерді қозғады.

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары аймақта көшпелі жиналыс өткізді. Кездесуде ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі мен кооперациясын дамыту мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды. Комитет Төрағасы Әли Бектаев атап өткендей, бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту өңірді дамытудың басты бағыттарының бірі. Шығыс Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының қандай деңгейге жеткенін көру үшін депутаттар әртүрлі агроөнеркәсіптік нысандарды аралап, бұл процестің дұрыс жолға қойылғанына көз жеткізді. Бірінші кезекте елордалық қонақтар Предгорный ауылындағы май экстракциялық зауытына барды.

Сонымен қатар, Сенат депутаттары «Восток-Молоко» корпорациясының жұмысымен танысты. Мұнда олар табиғи, таза өнімдердің дайындалу процесін тамашалады.

Сапар соңында депутаттар Солнечный кентіндегі фермерлік шаруашылықтарды аралады. Комитеттің көшпелі отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді. Олар Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі мен кооперациясын дамыту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін Үкіметке жолданатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар