ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Семейлік семсерлесушілер неге сенделіп жүр?

13:38, 15 шілде 2021

Жаттығу залының жоқтығы семейлік семсершілерге қолбайлау болып отыр. Облыстық спорт мектебіне қарасты семсерлесушілер секциясына қатысушылар  40 жылдан астам уақыт медициналық университет ғимаратындағы арнайы залда жаттыққан. Алайда биыл олардың орындарын босатуына тура келген. Спортшылардың талабын ескерген қаладағы колледждердің бірі арнайы орын бөліп бергенімен, шағын зал кәсіби тұрғыда дайындалуға жарамайды.  Сондықтан, атқарушы орган үнімізге құлақ асса, - деді семсерлесу үйірмесінің өкілдері. Бірнеше ай бұрын орын іздеп қала кезген семсерлесушілер қазір колледждердің бірінде жаттығуда. Секцияға әзірге тек жасөспірімдер мен балалар ғана қатысады. Себебі зал шағын болғандықтан, ересектер дайындала алмайды, - дейді семсерлесуден жоғары санаттағы жаттықтырушы Павел Гурский. Олар мәселесін айтып, облыстық спорт басқармасы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне жүгінгенмен нақты әрекет болмай отырған көрінеді. Семсерлесушілердің мәселесінің мән жайын қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінен сұрадық. Бұған дейін семсерлесу залы медициналық университет ғимаратында болған. Павел Гурскийдің атап өткеніндей, ол залда 40 жылдың ішінде жүздеген спортшы түлеп шықты. Кеңес одағының 12, Қазақстан Республикасының 30 спорт шебері дайындалды. Бүгінде залдың жоқтығына қарамастан, спортшылар Семейдің намысын абыроймен қорғап келеді. Семсерлесуді танымал спорт түрі деп айтуға келмейді. Соған қарамастан қызығушылық танытатындар көп, - дейді жаттықтырушылар. Бүгінгі күні  секцияға 60-тан астам бала келеді. Залдың тарлығынан олардың барлығы бір уақытта жаттыға алмайды. Жаттығу залы болса, спортшыларымыздың мүмкіндігі кеңейер еді, дейді жаттықтырушылар. Сондықтан, олар жауапты басқарма тарапынан тиісті жағдай жасалар деп сенеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...