ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Семейлік каратэшілер әлем кубогынан жүлдемен оралды

17:17, 21 шілде 2021

Семейлік каратэшілер әлем кубогынан жүлдемен оралды. Жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік 6 шілде күні Болгарияның Варна қаласында өткен болатын. Әлемнің 20-дан астам елінің киокушин және шинкиокушин шеберлері бақ сынаған байрақты бәсекеде семейлік Ботагөз Мұқашева жеңімпаз атанса, Максим Калюжин 3 орынды иеленды. Болгарияда өткен әлем кубогына елімізден 63 спортшы аттанған. Олардың барлығы түрлі салмақ бойынша ел біріншілігінде жүлделі орыннан көрініп, әлемдік додаға қатысуға жолдама алған спортшылар. Жасөспірімдер арасындағы ашық біріншіліктің ережесі бойынша әр салмақта бір елдің 3 өкілі өнер көрсетті. 23 мемлекеттің мықтылары бақ сынаған жарыста қыздар арасында жерлесіміз Ботагөз Мұқашева әлем кубогының жеңімпазы атанды. 55 келіге дейінгі салмақта семейлік Максим Калюжин өнер көрсетті. Бірінші кездесуінде украиналық спортшыныдан жеңген жерлесіміз, 2 кездесуде ресейлік қарсыласын басым түсті. Жартылай финалда жарыс қожайыны Болгария өкілімен кездесіп, есе жіберген максим 3 орынға табан тіреді. Ағымдағы жылдың күзінде шинкиокушинкай каратэден өтетін ел біріншілігі өтеді деп жоспарланған. Семейлік өрендер аталмыш жарыста топ жарып, желтоқсан айында Болгарияда өтетін әлем чемпионатында қатысуға ниетті. Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшыларымыз алдағы жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауға барымызды саламыз деп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...