ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

СЕМЕЙДІҢ СӘУЛЕТІН БҰЗЫП ТҰРҒАН ҒИМАРАТТАР

13:36, 7 сәуір 2021

Семейде құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жаңа ғимараттар қала орталығымен қатар, шетінде де салынуда. Алайда, қаланың сыртқы келбетін бұзып тұрған ғимараттар бар. Яғни, жөндеу көрмеген қасбеттер, сынған әйнектер мен нысан маңындағы аумақ жағдайының дұрыс болмауы қала сәулетіне нұқсан келтіруде. Бұған кім жауапты? Семей қаласы еліміздің рухани-мәдени орталығы болып саналады. Алайда, шаһардың жалпы келбетіне қарап, олай деп айту қиын,- дейді семейліктер. Қаланың орталық аудандарында қасбеттері ескірген, ал іргелес аумақтары сын көтермейтін жағдайдағы ғимараттар жеткілікті. Бұл да қаланың сұрқын кетіріп-ақ тұр, дейді тұрғындар. Сәулет және қала құрылысы бөлімінде атап өткендей, әр ғимараттың иесі бар. Негізінен бұл жеке тұлғалар. Иесі "ғимараттың қасбетін жаңартуға міндетті" деген нақты бап жоқ. Сондықтан, жауапты бөлімнің мамандары тек түсіндіру  жүргізумен шектеледі. Іргелес аумақтарға келетін болсақ, мұнда ғимараттардың иелері оларды күтіп-ұстауға жауапты. Яғни, ғимараттардың алдының тазалығымен қатар, азаматтардың қозғалысы үшін ыңғайлы болуы керек. Яғни, ғимарат иелері әлеуметтік жауапкершілік танытуға тиіс. Өйткені, олар ғимаратты сатып алғанда, олардың сыртқы келбетімен қатар қала тарихын сақтау үшін де жауапты екендіктерін түсінулері керек. Өйткені, жеке меншікке өткен ғимараттардың көпшілігі өткен ғасырларда салынған. Айта кетерлігі, қалада қалпына келтіруді қажет ететін құрылымдармен қатар, жөндеуді қажет ететін нысандар да бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар