ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

СЕМЕЙДЕ ИНВАТАКСИ ЖЕТІСПЕЙДІ

13:38, 22 қаңтар 2021

Семейліктер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватаксиді Алматыдан жалға алуға мәжбүр. Мұнымен қоса оның бағасы да бюджетке екі есе қымбатқа түсуде. Ал негізі қаламызда мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдауға арналған 4 автокөлік бар. Бір кездері оларды түрлі қайырымдылық ұйымдары, халықаралық бірлестіктер шаһарға сыйға тартқан. Алайда қазіргі уақытта олардың қалада жүруіне тыйым салынған. Толығырақ келесі бейнематериалда. Қазіргі уақытта Семейде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша күрделі жағдай қалыптасып отыр. Олар үшін инватакси қызметі ұсынылғанымен, құны бюджетке екі есе қымбатқа түсуде. Бұған жұмыспен қамту бөлімі мен «Семей мүгедектер қоғамы» арасындағы сот ісіне байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған көліктің жүруіне тыйым салу себеп. Жақында олар сатылымға шығарылады. Түскен қаражат мүгедектер қоғамы тарапынан мемлекетке келтірілген залалды өтеуге жұмсалмақ. Бүгінде мүгедектерге тұрақты түрде қызмет көрсету үшін, Алматы қаласындағы қауымдастықпен келісімшарт жасалған. Инватакси қызметі мүмкіндігі шектеулі адамдардың қалалық ортада бейімделуіне мүмкіндік береді және оларды әлеуметтік оңалтуда маңызды рөл атқарады. Динара Құсайынова 2010 жылдан бастап инватакси қызметін пайдаланады. Көліктің бұл түрі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте ыңғайлы, - дейді ол.  Мұнымен қоса бұл қызметтер тегін көрсетіліп келген. Динара халықтың бұл санаты үшін автобустармен қатынау қолайсыз екендігін айтады. Себебі қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналмаған. Өз кезегінде, "Семей мүгедектер қоғамының" төрағасы Ерлан Қабдолдинов арнайы көліктерді  қайырымдылық қорлары ұйымға сыйға тартқанын айтады. Аталған мәселе қаралғаннан кейін Семей қаласының мүгедектер қауымдастығының құрамындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Семей мүгедектер қоғамының» төрағасына автокөліктерді өз еркімен беру жөнінде ұсыныстарын білдірген. Олай болмаған жағдайда, қоғамдық ұйым өкілдері құзыретті органдарға шағымданатындықтарын айтады. Бүгінгі таңда Семейде инватакси қызметі сұранысқа ие. Қалада тек тірек-қимыл қозғалысы бұзылған 3 мыңға жуық адам тіркелген. Семейде бір айда инвактакси қызметін мүмкіндігі шектеулі 300-ге жуық адам пайдаланады.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар