ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

СЕМЕЙДЕ ЕКІ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ КӨПІРІ САЛЫНАДЫ

13:32, 6 сәуір 2021

Семейде сол жағалаудағы айналма жолда жаңа мешітке қарай екі жаяу жүргінші көпірі салынады. Әкімдіктің коммуналдық бөлімінде хабарлағандай, құрылыс осы жазда басталады. Дегенмен қалада әлі күнге дейін орталық алаң ауданындағы жер үсті көпіріндегі ақаулардың мәселесі шешілмеуде. 2018 жылы Семейде орталық алаң ауданында алғашқы жер үсті көпірі іске қосылды. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 70 млн. теңге бөлінді. Нысан Қайым Мұхамедханов көшесінің көлік қозғалысы жүктемесін азайту мақсатында салынған. Ең бастысы - жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Себебі жанында гимназия орналасқан. Белгілі болғандай, жеделсатылар бірнеше ай ғана жұмыс істеген. Қазір жеткізушіні жауапкершілікке тарту бойынша сот рәсімдері жүріп жатыр. Алдағы уақытта Семейде тағы екі жаяу жүргіншілер көпірі салынбақ. Олар сол жағалаудағы айналма жолдағы жаңа мешітке қарай Народная көшесі жағынан салынады. Жоба бойынша құрылыс орталық алаңдағы жер үстіндегі көпірге қарағанда әлдеқайда қарапайым болмақ. Онда үлкен баспалдақтар болмайды, ені 5 метрлік жол толық жабық болады. Қала тұрғындары нысан құрылысының ұзаққа созылмайтындығынан үмітті. Әкімдік өкілдері де құрылысты биыл жазда бастауға уәде беруде.

 

                            

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар