ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Саяси кеңестің отырысы өтті

13:30, 26 қаңтар 2022

 «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен  саяси кеңестің отырысы өтті. Партия мүшелері жиынға эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Zoom» платформасы арқылы қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне облыс атынан қатысатын делегаттардың тізімі бекітілді. Съезге өңірден 31делегат қатысады.

Саяси кеңес отырысында 28 қаңтарда онлайн режимде өтетін партияның кезектен тыс XXI съезіне қатысатын 31 депутаттың тізімі жасақталды. Биыл 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметі алдына маңызды міндеттер жүктеген болатын. Аймақ басшысы Даниал Ахметов өз сөзінде «елде болған соңғы оқиғалар біздің жұмылған жұдырықтай бірігіп, нәтижелі әрі жүйелі жұмыс істей алатынымызды тағы бір мәрте көрсетті» деді.

Өңір басшысы белсенді қызмет пен саяси-әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамай, асқан жауапкершілік танытқан партия мүшелеріне алғыс білдірді. Аймақ  басшысы сондай-ақ облысқа қарасты елді мекендерді дамытуға арналған бағдарламалар бекітілгенін де жеткізді. Алда тұрған ендігі мақсат сол бастамаларды жемісті жүзеге асыру.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...