ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

САУДА ҮЙЛЕРІНЕ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

13:34, 30 сәуір 2021

Елімізде қалыптасқан індет жағдайына байланысты кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жіті бақылауда. Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Глубокое аудандық мониторинг тобының өкілдері сауда үйлеріне рейд жүргізді. Мониторинг тобының мүшелері өткізген тексеру нәтижесінде қандай  олқылықтар анықталды? Глубокое ауданында 18 мониторингтік топ құрылған. Күн сайын жергілікті атқарушы орган өкілдері полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып тексеру жүргізеді. Ауданда өрескел заңбұзушылық байқалған жоқ. Алайда санитарлық нормалардың орындалмауы тіркелген жағдайда бейнежазбаға түсіріліп, оқиға орнында хаттама толтырылады. Кейін Глубокое аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданады. Краснояр ауылдық округінің сауда үйлері санитарлық нормаларды сақтағанымен, медициналық бетперде режимін ара-тұра сақтамайтын болып шықты. Алайда медициналық бетперде тақпағандарға қоғамдық орындарда арнайы бетперделер мен індеттің алдын-алу ережелері жазылған жадынамалар таратылды.   Рейд барысында карантин талаптары бұзылған нысандарға алдымен ескерту жасалды. Ал оны елемегендер әкімшілік жауапқа тартылады. Ал жалпы санитарлық норма ережелерінің сақталуы тұрғындар арасындағы індетті жаппай жұқтыруына тосқауыл болмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар