ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Сарбаз болу мәртебе

17:18, 5 мамыр 2022

Отан алдындағы борышын өтеу әрбір азаматтың міндеті. Бұл қасиетті парызды ер жігіттің аброймен атқарып шығуы үлкен мәртебе.

Мұндағы сарбаздардың әр күні осындай пәрменмен басталады. Ұйқыдан көз аша сала шапшаң киінеді. Қаз-қатар сапқа тұрады. Жуыну бөлмесіне бет алады. Тазалықты бірінші орынға қойған жауынгерлер, мұқияттылықпен әрекет жасайды. Кейін қайта оралып жатын орындарын ретке келтіреді. Тап-тинақтай етіп жиыстырады. Мұнан соң таңғы жатығуларын орындайды, саптық жүрістерін түзеп , машықтарын пысықтайды.

Ұлттық  ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөліміне, әр шақыртылым сайын 200-ге жуық сарбаз алынады. Олар Алматы, Павладар, Атырау сынды тағыда басқа қалалардан келеді. Жас өрендер бірініші кезекте  өздеріне артылған жауапкершілік жүгін қайыспай көтеріп шығуды ойлайды.  Командирлердің бұйрығын қалтқысыз атқаруды  жетістік көреді.

Алмат Бақытбекұлы әскери борышын өтуге Алматы қаласынан келіпті. 20 жастағы сарбаздың  діттеген ойы елге қызмет ету. Командирлері оны қатардағы жауынгерлердің үздігі дейді.

Жас сарбаздар бұл әскери бөлімде білік білімдерін де жетілдіреді. Әдеби шығармаларды оқиды. Өткен тарих жайлы сабақ алады.

Ұлттық ұлан сарбаздары физикалық жатығуларға аса мән береді. Шымыр болу үшін әртүрлі жаттығулар жасайды. Ауыр салмақты зіл темірлерді көтерді, кермеге тартылады.  Күндегі дағды бойынша ұзақ қашықтыққа жүгіреді. Командирлері сарбаздарды жігерлендіру үшін спорттық сайыстар ұйымдастырып тұрады. Бәске болған жерде нәтиже болады дегенді алға тартады. Өрендер бос уақыттарыда  ән салады. Әр түрлі аспаптарда ойнап көңілдерін көтереді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар