ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Сапалы өнім, қолжетімді баға

13:33, 20 маусым 2022

Облыс орталығында дәстүрлі ауыл шаруашылық  жәрмеңкесі өтті. Өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен саудаланды. Бұл жолы қала тұрғындарын сапалы өнім, қолжетімді бағамен Катонқарағай ауданы қуантты.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Мұндағы басты ерекшелік-бағаның төмендігі. Мәселен, жылқы етінің 1 келісі-2300 теңгеден саудаланса, сиыр және қой еттері-2100 теңге тұрады. Ал, балдың 1 келісі-1700-ден.

Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай шараларды өткізу, тауар өндірушіге де, тұтынушыға да өте тиімді. Ең алдымен, өзімізде өндірілген отандық әрі сапалы өнімді өткізудің ұтымды жолы.

Сауда алаңына келушілердің қарасы көп болды. Қала тұрғындары жәрмеңкені асыға күтетіндерін айтып, мұндағы төмен бағаға дән риза екендіктерін жеткізуде.

Жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Тамара Айдарбаева жәрмеңкеге ет өнімдерін молынан әкелген.

Айта кетейік, Катонқарағай ауданы қала тұрғындарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, викториналық ойындар ойнатты. Жеңімпаздарға бал, қымыз, құрт, ірімшік, кілегей таратты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар