ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Саналы ұрпақ - Мәңгілік Ел болашағы

14:45, 20 қазан 2021

Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Саналы ұрпақ - Мәңгілік Ел болашағы» атты облыстық форум өтті. Шараға аймақтың түкпір-түкпірінен келген "Саналы ұрпақ" клубтарының жетекшілері мен белсенділері қатысты. Жиынның мақсаты – аймақтың кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің бойында парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша студенттердің, ұстаздардың саяси-құқықтық білімін кеңейту. Форум барысында жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта дайындап келген бейнероликтерін, плакаттарын және қойылымдарын көрсетті. Мәселен, Семей қаласынан келген педагогикалық колледж студенттері «Ұлылар тағылымы – парасаттылық бастауы» атты қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды. Шара соңында «Саналы ұрпақ» клубының қатарына жаңа мүшелер қабылданып, төсбелгілер табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға алғысхаттар мен мақтау қағаздары берілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар