ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

САҚТАРДЫҢ КЕН ӨҢДЕГЕН ПЕШТЕРІ ТАБЫЛДЫ

17:15, 20 маусым 2022

Сақтардың ірі металлургиялық орталығы шығыстағы Ақбауыр тарихи кешені маңында орналасуы әбден мүмкін. Ұлан ауданында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар осылай дейді.Еске сала кетейік осыдан 3 жыл бұрын дәл осы жерден 3 мың жыл бұрынғы ежелгі қонысы табылған еді.

Мұндағы археологтардың айтуынша, сақтар кен өндіруді, оны өңдеу технологиясын өте жоғары деңгейде меңгерген. Кенді тез балқытуға, температура жоғары болуы үшін малдың тезегі мен сүйектерін де пайдаланған.

Ақбауырдағы алғашқы қазба жұмыстары 2019 жылы басталды. Сол жылы сақтардың ежелгі қонысы табылған еді. Көлемі 3 мың шаршы метрден асатын аумақтан сақтардың дөңгелек пішіндес үйлерінің орны, қол диірмен, қайрақ секілді қолданған заттары анықталып, елді елең еткізген болатын. Ал биыл Ақбауыр археологиялық экспедициясы 20 мыңнан астам артефактілерді тауыпты.

Ақбауырдағы қазба жұмыстары тамыз айына дейін жалғасады. Табылған құнды жәдігер көп. Археолог Зейнолла Самашевтің айтуынша, ежелгі сақ қоныстарынан жақында тағы да сенсациялық артефактілер табылуы әбден мүмкін. Мұндағы бағалы артефактілерді көздің қарашығындай сақтап, зерттеп-зерделеу үшін Бестерек ауылында археологиялық музей ашылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар