ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Сайыпқырандар сынға түсті

17:18, 12 мамыр 2022

Ұлан ауданында бокс спорты жылдан-жылға дамып келеді. Бұған аймақта өтетін дәстүрлі турнирлер дәлел. Қасым Қайсенов кентінде былғары қолғап сайыпқырандары сынға түскен республикалық турнир өтті. Турнир жасөспірімдер арасында Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға және Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың 100 жылдығына арналды.

Республикалық турнирге 14 командадан 120-ға жуық спортшы қатысты. Шаршы алаңдағы дода екі жыл індетке байланысты тоқтап қалған еді. Енді міне игі жалғасын тауып отыр. Айта кетейік, спорт мектебінің тәрбиеленушілері жыл сайын облыстық чемпионаттың және республикалық турнирлердің жүлдегерлері атанып келеді.

Спорт додасына әр өңірден келген кіл мықтылар жиналған. Турнирге ең көп қатысушы осыдан үш жыл бұрын жиналған көрінеді. Онда 298 спортшы бақ сынаған болатын. Жыл өткен сайын спорттың бұл түріне қызығушылық танытқандар қатары артып келеді. 

«Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, артында қалған ұрпақтары, аға-бауырлары майдангер туралы аңыз қылып айтар естеліктерімен де бөлісті.

Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Руслан Байкунаков иеленсе, 2 орын төрінен Ақжан Қалибеков көрінді. Ал 3 орынды Нұралы Хадкан, Мансұр Жомартқан, Мансұр Мұратбек, Дінмұхамед Талғатов қанжығалады. Жалпы командалық есепте Аягөз қаласы 1 орынды алды. 2 орын ШҚО дарынды балаларға арналған олимпиядалық резерв мектеп-интернат-колледжі, 3 орынды Семей қаласы жеңіп алды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...