ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Сайлаушылар белсенділік танытуда

17:17, 25 шілде 2021

Ауыл әкімдерінің сайлауы Семей өңіріндеде белсенді өтіп жатыр.  Бұл жолы саяси науқанда Семей өңірінің 4 ауылдық округінің  басшылары сайланбақ. Достық ауылдық округіне қарасты Шақаман ауылындағы сайлау учаскесіне ағылған халықтың қарасы қалың.   Ал Бөкеншеліктер бүгін үш үміткердің біріне таңдамақ.Оның екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Сайлау комиссиясының төрағасы ауылдағы ағайын еш алаңсыз таңдауын жасауы үшін дауыс беру  талапқа сай ұйымдастырылды деп отыр.Санитарлық талаптар да қатаң сақталаған. Достық ауылдық округінің әкімі сайлауына 3 кандидат қатысуда. Олардың 2-і өзін-өзі ұсынса, 1 кандидат «Нұр Отан» партиясының өкілі. Ауылдағы ағайынның тілеуі бір. Тікелей дауыс беру арқылы сайлаған әкім, ауылдың одан әрі дамуына үлес қоса екен дейді.    Айта кетейік, сайлау учаскесінде барлықт санитарлық талаптар ескерілген. Дауыс беруші кірген бетте дәрігердің тексеруінен өтеді. Өз таңдауын жасағаннан кейін, басқа есіктен шығу мүмкіндігі жасалған. Ал Бөкеншіде  сайлау барысын 3 адам бақылауда. Дауыс беруге 800 тұрғынның 443 қатысуға ниет танытқан. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі мал өсірумен айналысады. Мұнда ауылды дамытуға үлес қосып отырған  27 шаруа қожалығы бар. Ауыл тұрғындары бугінгі дауыс берудің нәтижесі алдағы уақытта ауылды  дамытуға оң ықпал ететіндеріне сенімді. Нөмері 198  сайлау участогына құрамына  көршілес Маралды ауылының тұрғындары да  кіредІ. Маңызды шараға ауыл тұрғындарының қатысуын қамтамасыз ету үшін көшпелі  дауыс беру  тобы ұйымдастырылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...