ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

САЙЛАУ-ЕСЕП БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

13:34, 4 мамыр 2021

Өскеменде "Nur Otan"партиясы қалалық филиалының XXVII сайлау- есеп беру конференциясы отырысы өтті. Шара аясында партия мүшелері филиалдың өткен жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы міндеттерді белгіледі. Бүгінде "Nur Otan" партиясының Өскемен қалалық филиалының қатарында 7,5 мыңнан астам адам бар. Партиялық жобаларды жүзеге асыру аясында олардың әрқайсысы қоғамдық өмірдің түрлі салаларына белсенді қатысады. "Бақытты отбасы" жобасы шеңберінде 2019 жылы 1944 отбасы, 2020 жылы 862 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Оған көп балалы және аз қамтылған отбасылар кірген. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыру да партия филиалының алға қойған міндеттерінің бірі. "Кедергісіз болашақ" жобасы бойынша 2019 жылы 81 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны, ал 2020 жылы 78 нысан бейімделді. Жалпы Өскеменде барлығы 408 нысан ішінара бейімделді. "Құтты мекен" жобасы аясында тұрғын үй құрылысына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, партия жұмысы халыққа көмек көрсетумен, жұртшылықпен кері байланыс орнатумен тығыз байланысты. Конференция жұмысын қорытындылаған партияның қалалық филиалының төрағасы Жақсылық Омар алдағы уақытта жүзеге асырылатын  негізгі бағыттарды белгіледі. Шара соңында саяси кеңес пен саяси кеңес бюросының жаңа мүшелері сайланды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар