ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Рүстем Есдәулетовты еске алу кеші өтті

13:32, 26 қараша 2021

Өскеменде театр және кино актері, режиссер, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Рүстем Есдәулетовті еске алуға арналған кеш өтті. Кеште Рүстем Оразбайұлы  режиссерлік еткен «Толғақ» драмасы көрермен назарына ұсынылды. Айта кетейік, биыл өнер майталманының өмірден озғанына 12 жыл толды.Рүстем Есдәулетовті еске алу кешінің шымылдығы дарынды режиссер туралы фильммен ашылды. Фильмде оның театрға қалай келгені, әріптестерімен қарым-қатынасы және отбасындағы әкелік орны мен жаңадан театр тұрғызсам деген асқақ арманы көрсетілді. Туынды көрерменнің көңілінен шыққанын көрерменнің қошеметінен байқауға болады.  Ал  Рүстем Есдәулетов режиссерлік еткен «Толғақ» драмасының жетістіктері туралы театрдың көркемдік жетекшісі Дос Құбаш айтып берді.Рүстем Есдәулетов «Бөрі-нама» жыр жинағының авторы. Бірқатар мүшәйралар мен әдеби байқаулардың жеңімпазы атанған. Оның  өлеңдері «ХХI ғасыр ақындарының антологиясына» және басқа да ұжымдық жинақтарға енген. Талантты режиссер Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының директоры әрі бас режиссері қызметін атқарды. 2008 жылы «Дарын» жастар сыйлығын алды. Театр ұжымы жас режиссер жетекшілік еткен жылдары бірнеше рет халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған.Дарынды режиссермен  бірігіп, біршама жұмыс атқарған  әріптестерінің айтуынша Рүстем Оразбайұлының  2 қойылымы әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие.  Олар «Атымды адам қойған соң», екіншісі осы «Толғақ» қойылымы.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар